|    |  
15 қараша 2018
09:08
қаз
Мас күйінде жол апатын жасаған бойжеткен сіңлісінің өлімін Желіде тікелей эфирде жариялаған
27 тамыз, 17:11 309


АҚШ-тың Калифорния штатының 18 жасар тұрғыны Обдулиа Санчес көлік басқарып келе жатып, «Инстаграм» желісінде тікелей эфирді қосып, санаулы минуттардан кейін қоршауға соғылып, жол көлік апатына себепкер болған. Көлік ішінде сіңлісі Жаклин мен оның сүйіктісі болған. Оқиға орын алғаннан кейін Обдулиа өзінің жарақаттанғанына қарамастан, 14 жасар сіңлісінің жан тапсырып жатқан сәтін тікелей эфирде жариялауын тоқтатпаған, деп хабарлайды The Sun.

Бойжеткеннің бұл әрекеті Желі пайдаланушыларының ашу-ызасын тудырған.

«Мен туған сіңлімді өлтіріп алдым. Мен бұл үшін түрмеге отыратынымды жақсы түсінемін. Кешір мені, кішкентайым», - дейді Обдулиа тіеклей эфир барысында.



Калифорния полициясының мәлімдеуінше, жасөспірімдер көліктің артқы бөлігінде сақтандыру белдігін тақпай отырған. Ер бала ауыр жарақаттармен ауруханаға түскен. Жаклин оқиға орнында қаза тапқан. Оқиғаға кәнілі Обдулианың көлікті мас күйінде жүргізіп келе жатқаны анықталған.

Обдулиа қазір тергеу абақтысында. Оған мас күйінде көлік басқарғаны және абайсызда кісі өліміне алып келген жол-көлік апатын жасағаны үшін айыпталуда.

Бойжеткен енді түрмеде отырып, сіңлісінің өлімін не себепті тікелей эфирде жариялағанын түсіндіріп ақталуда. Ол өзінің ашық хатында мұндай қадамға Инстаграм желісіндегі оқырмандарынан сіңлісін жерлеу рәсімін ұйымдастыруға кететін қаражатты жинау мақсатында барғанын мәлімдейді. Өзі кедей отбасынан шыққандықтан, ата-анасы мен туыстарының сіңлісін соңғы сапарға лайықты шығарып салуға шамалары жетпейтіндіктен, осылай етуге мәжбүр болғанын айтып, егілуде.

«Мені осы видео үшін қатты сөге көрмеңіздер. Мен өте жаман адам болып көрінуім мүмкін, бірақ мен өз мақсатыма жеттім. Бұл сіңлім Жаклинді қабірге арулап жерлеуді қамтамасыз етудің жалғыз ғана мүмкіндігі екенін түсіндім. Мен осылайша тиісті қаражатты жинайтыныма сенімді болдым, себебі менің отбасымның бұған шамасы жетпес еді», - дейді бойжеткен.

Десек те, шын мәнінде Обдулиа өз мақсатына жетті. Өйткені видеоны көрген жұрт оның отбасына Жаклинді жерлеу үшін қаражат аудара бастаған. Қоғамдық резонансқа айналған видеоның арқасында Обдулианың отбасы Gofundme сайтындағы кампания шеңберінде 12 мыңнан астам АҚШ долларын жинаған. Осыдан кейін оның ата-анасы қыздарының әрекеттерін түсініп, енді оған қолдау бідіріп, түрмеден оралуын күтіп отыр.


Дереккөзі: https://life.ru
Жаңалықтар