17 Октябрь
10:03
Астана: 1 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 333.03
EUR/KZT: 392.61
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.54
Мәдениет
20 қыркүйек 17:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мәскеуде қазақ әндері қалықтап, қазақ батырлары серуен құрып жүр (ФОТО)


Мәскеуде кешеден бастап Астана Күндері өтіп жатыр.

«Халық шаруашылығы жетістіктері» көрмесінде қазақ қолөнері шеберлерінің «Этноауылы» құрылып, онда «Ақ Орда», «Аңшы үйі», «Шеберлер киіз үйі» және «Кәдесый жәрмеңкесі» киіз үйлері бой көтерген. Сондай-ақ «Шеберхана», «Ұлттық қышқыл сүт өнімдерінен дәм татуға арналған ас үй», «ЕХРО 2017» атты шағын киіз үйлер тігілді.


















Кеше Мәскеудегі Астана күндері аясында Қазақстан сахнасының жарық жұлдыздары Мемлекеттік Кремль сарайында ұмытылмас кеш сыйлады: қазақ күйлері әуелеп, әлемдік классикалық музыка мен заманауи туындылар орындалды.

Шараны салтанатты түрде Астана әкімі Әсет Исекешев пен Мәскеу Үкіметі министрі, Мәскеу қаласы сыртқыэкономикалық және халықаралық байланыс департаментінің басшысы Сергей Черемин ашты.

Мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында ҚР Халық әртістері — Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Айман Мұсақожаева, Майра Мұхамедқызы, «Славянский базар — 2015» байқауының жеңімпазы Димаш Құдайберген, Бүркіт пен Аиша, «Музарт», «Формат», «Ринго» топтары өнер көрсетті.



Астана қаласы мемлекеттік филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрі, «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі, «Тұран» эстарадалық-фольклорлық ансамблі мен «Серпер» домбырашылар ансамблінің сүйемелдеуімен «Наз» мемлекеттік би театры мен «Шалқыма» халық би ансамблінің ұжымы қазақ халық билерін орындады.



Қазақстандық әзіл-сықақшылар мәскеулік көрермендерге заманауи қазақстандық сатирамен таныстырды.

Сахнаға «А-Студио» тобының шығуы да халыққа ерекше әсер сыйлады.



«Жусан иісі» сурет өнері көрмесі өз жұмысын 20 қыркүйекте бастап, 10 күнге жалғаспақ.

Мәскеудегі Астана күндері аясында екі астананың бокстан құрама командаларының жолдастық кездесуі, Қазақстан өнер шеберлерінің концерті, М. Горький атындағы орыс академиялық драма театрының  «Томирис - Сақ ханшайымы» спектаклі, «Жаужүрек мың бала», «Аманат» фильмдерінің көресетілімі өтеді.

20 қыркүйекте Астана мен Мәскеу іскерлік ынтымақтастығы форумы ұйымдастырылады. Оның аясында екі елдің мамандары мен сарапшылары туризм, экономика, мәдени өзара іс-әрекет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуды талқылайды. «Smart cities - Астана және  Мәскеу» таныстырылымы өтеді.





Дереккөзі: Қазақпарат
нравится:    1093
Теги: Театрлар, мұражайлар, көрмелер,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии