18 Декабрь
16:59
Астана: -10 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
8 мамыр 17:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Майдангер-журналист Мүсілім Айдарбекұлы 90 жаста!
Биыл дүниежүзі  гитлерлік Германияны, миллитирастық Жапонияны талқандап, фашистік құлдыққа жегілуден сақтап қалған Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуде.


Ұлы Отан соғысына, елді-жерді жаудан қорғауға Қазақстаннан бір миллион 200 мыңнан астам жерлестеріміз аттанған: соның 15000 жуығы бізді Мақтаарал ауданының азаматтары еді. Қазақстан бойынша 800 мыңға жуық,  ал Мақтарал ауданы бойынша 10 мың азамат-жауынгер майданнан елімізге оралмай, ұрыс даласында құрбан болды.
Бүгінгі таңда ауданымызда  ұлы Отан соғысына қатысқан 26 көзі тірі ардагер бар. Соның 8-і  Жетісай қаласында тұрып жатыр.
Биыл аты алтын әріптермен жазылған майдангер-журналист Мүсілім  Айдарбекұлы 90 жасқа толып отыр.
Әкесі-Айдарбек 1885 жылы туылған, ал анасы-Айша 1890 жылы туылған. Әкесі  63 жасында 1948 жылы, анасы 41 жасында 1931 жылы қаза  болған екен.
Отбасында  оның Әжібек, Әлібек  деген ағалары болған. Екеуі де соғыстың басында соғысқа аттанып, Әжібек  Ленинград қаласын жаудан қорғауда ерлікпен шайқасып, 26 жасында қайтыс болды. Ал, Әлібек небәрі 19 жасында Харьков қаласын фашистерден қорғау шайқастарында хабар-ошарсыз кетті.
1942 жылы жазда орта мектепті  жақсы үлгеріммен бітірген жасөспірім Мүсілімнің жазу-сызуға икемі мол еді. Майданға кеткен ағалары жайлы, өзінің алты жасында қаза болған асыл анасы Айша жайлы көп әңгімелер жазатын, бұл жазғандарын аудандық газет редакциясына жолдап отырды. 1942 жылдан бері аудандық газет редакциясына тілші болып жұмысқа қабылданды. Бір жылдай тілші болып жұмыс істеп жүргенінде бұған да әскерге шақыру хат келді. Сөйтіп 1943 жылғы шілде айында Отан-Ананы қорғауға аттанды. Кеңес Армиясы  сапында бес жарым жыл қызмет етсе, соның  бір жарым жылдан астамы  Кеңес Одағы  маршалы  Талбухин  қолбасшылық  еткен 3-ші және 4-ші  Украина майдандарында, майдан қолбасшысының жеке қарауындағы жеке атқыштар ротасының  «Аса  маңызды әскери  жүктерді  күзетіп жеткізу» бөлімшесінің  командирі болды.


1948 жылғы қараша айында  әскерден босап, туған жерге оралды.
1949 жылдан бастап  қайтадан Қызылқұм аудандық «Колхоз  екпіндісі» газеті редакциясында жауапты хатшы, 1951 жылдан бастап газеттің редакторы болып жұмыс істей бастады. 1957 жылы Қызылқұм ауданы мен Киров ауданы біріктіріліп, ол сол жылдан бастап әуелі Оңтүстік Қазақстан облыстық, кейінірек  Оңтүстік Қазақстан өлкелік радио және телехабарлар  тарату комитетінің Шымкент облысындағы  меншікті тілшісі болды.
1963 жылы партиялық тапсырмамен  Киров, Мақтаарал, Жетісай аудандары арасында қазақ және орыс тілдерінде жарық көретін ауданаралық  «Жетісай»-«Джетысай» газеттерінің бас редакторы қызметіне  жолдамамен жіберілді. Аталмыш басылымды басқарған 10 жылдың ішінде қалам тербеуге құштар қаншама дарынды жастардың қанатын қатайтып, қарымды журналисттер өсіп шықты. Сондай шәкірттерінің бірі Боранбай Құдияровтың  90- ның белесін бағындырған ұстазына айтар алғысы шексіз.
1973 жылы редакторлық  жұмыстан Жетісай аудандық  Халықтық бақылау комитетіне қызметке шақырылды. Бұл өте жауапты мемлекеттік қызмет еді. Халықтық бақылау комитетінде 1988 жылға дейін адал да абыройлы қызмет атқарды. 1988 жылдың  тамыз айынан 2002 жылдың шілдесіне дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының  азаматтық қорғаныс штабында бөлім бастығы, бас маман болып еңбек етті. Ал, 2002 жылдан күні бүгінге дейін  «Аталар сөзі» республикалық газетінде  тілші міндетін аткарады. Еңбек ете жүріп 1953 жылы Ташкент қаласында педагокиикалық училищені, 1956 жылы Шымкенттің мұғалімдер иниститутуын,1959 жылы  Аллматвдағы Абай атындағы мемлекеттік педагокикалық иниститутының тарих факультетін бітірген.1939 жылдан комсомол мүшесі,1950 жылдан СОКП мүшесі болды. 18 жыл бойы Жетісай аудандық партия комитетінің мүшесі,бюро мүшесі, Жетісай  аудандық кеңесінің  бірнеше шақырылымдарында  халық  депутаты болды.1992 жылдан  бастап аудан іріленгенше Жетісай ауданы әкімшілігінің алқа мүшесі болып келді.Мақтарал ауданының Құрметті азаматы атағы берілген.Ұлы Отан соғысы жылдары Отанымызды қорғауға, бейбіт өмір жылдары  елге,қоғамға,мемлекетке,Қазақ  баспасөзін  дамытуға сіңірген  жемісті еңбектері үшін «Ұлы Отан  соғысы» орденімен, « 1941-1945 жылдарғы Отан  соғысында Германияны жеңгені үшін», «Соғыста жауынгерлік ерлік көрсеткені үшін», «Маршал Г.К.Жуков», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске  30 жыл», 40 жыл, 50 жыл  медальдарымен, «Еңбек ардагері» медалымен,ОҚО-тық партия комитетінің,Кеңес атқару комитетінің Құрмет Грамоталарымен, КСРО Халықтық бақылау комитетінің, ҚазКСР Халықтық бақылау комитетінің, Оңтүстік Қазақстан облыстық Халықтық бақылау комитетінің Құрмет грамоталарымен, бірнеше рет КСРО Журналистер одағының Құрмет грамотасымен,  «Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабының үздігі»   медалымен,Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығына  байланысты  ҚР тұңғыш  Президенті  Н.Назарбаевтың Құттықтау хатымен марапатталған.
Жалпы  Мүсілім атаның жауынгерлік жолдары мен өмір жолдары бүгін кім-кімге болса да  үлгі-өнеге.
Бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырып отырған қария туралы Шымкент агроколледжінің директоры Кенжехан Төлебаев мынадай жылы лебіз білдіреді: «Қай жерде істемесін осынша өмір сүріп барлық жерде де үлкен абыройға, беделге бөленгенін біз жақсы білеміз. Ағайын арасында өзінің кішіпейілдігімен, ұлағатты сөзімнен, білікті әңгімесіменен абыройға бөленіп жүрген құрметті ағамыздың бірі»,-деді.
Ал ардагер-қария туралы ОҚО педагогикалық университетінің ректоры Оңалбай Аяшев мынадай жақсы естелік айтты:
«Мүсілім Айдарбеков ағамыз Мырзашөл өңіріне сүбелі еңбек еткен үлкен азамат деп білеміз. Адам алпыстан асқаннан кейін артық сөз айтпай, бөтен жерді баспай, оғаш мінез көрсетпей, мәдениетті жүргені дұрыс қой.    Мүсілім ақсақал осы үдеден шыға білді. Әдемі қартая білді. Бұл көп адамның қолынан келе бермейді»,- деді.
Қарымды қаламгердің  ұрпақ, адам тәрбиелеуде  сіңірген еңбегі  өз алдына бөлек әңгіме. Зейнетке шыққаннан кейін де қол қусырып үйде қарап отырған жоқ. Ағайындардың  Төбе биі атанып, дін – апиын деп санап, санасы уланған жастарды имандылыққа  үгіттеп, тура жолға бағыттады. Дәстүрімізге сай өтетін түрлі басқосуларда  дінімізді, тілімізді насихаттады.
Мүсілім  Айдарбекұлы  отбасында  да адал жар, мейірбан әке, немерелерінің ардақты атасы. 1949 жылы құдай қосқан өмірлік жары Күріш екеуі 7 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген. Барлық ұл-қыздары жоғары білімді  білікті мамандар.Қара шаңырақта бірге тұратын ұлы Бауыржаны Ауған соғысының ардагер-офицері. Кеден күзетінде кеден бекеті бастығының орынбасары. Келіні Халима  терапевт-дәрігер болып қызмет істейді.
 

Өмірі өнегеге толы қарт майдангер – қаламгердің  жүріп өткен ғұмыры бүгінгі және келер ұрпақ үшін тағылымы зор тәрбие мектебі десек артық айтқандық емес. «Ер есімі – ел есінде» демекші, сіздің   сұрапыл  соғыста көрсеткен  жанқиярлық ерлігіңіз бен  ауданымыздың  дамып өркендеуі  жолында   төккен  теріңіз бен еңбегіңіз  ешқашан  ұмытылмақ емес. Жеңіс мерекесінде 90 жасқа келген торқалы тойын  атап отырған ағамызға мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Сондай ақ, Қазақстан Журналистер Одағының  шешімімен   мәртебелі «Құрметті журналист» атағы берілуімен  шын  жүректен құттықтаймыз.
Біздерге жарқын  болашақ,  бейбіт  заман  сыйлаған құрметті соғыс және тыл ардагерлерін біз әрдайым мақтан тұтып, мәңгілік  есте сақтайтын боламыз.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
нравится:    1116
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии