26 Сентябрь
22:29
Астана: 1 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 339.68
EUR/KZT: 401.13
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.26
Әлем жаңалықтары
5 мамыр 12:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Майдангер-журналист туралы үзік сыр (ВИДЕО)

Мүслім Айдарбекұлы 1925 жылы қыркүйек айында Оңтүстіқ Қазақстан облысының бұрынғы Қызылқұм ауданы қазіргі Шардара ауданының Жаушықұм жеріндегі кедей шаруаның отбасында дүниеге келдім.
Еңбек жолымды 1942 жылы шілде айынан  бастап аудандық газеттің әдеби қызметің бір жылдай істеп, 1943 жылдың шілде айында Совет Армиясының қатарында шақырылып 5,5 жылдай әскер қатарында, соның ішінде 1,5 жылдай Ұлы Отан соғысына қатыстым. Соғыста 4-ші Украин майданында болдым. Осы майданның қолбасшысы, генерал Талбухинның жеке атқыштар ротасының «Сопровождение охрана важнейшних военных грузов» бөлімшесін басқардым. 1948 жылдың қараша айында денсаулығыма байланысты әскери жұмыстан босатылып, елге оралдым.
1949 жылдан бастап Қызылқұм аудандық «Колхоз екпіндісі» газетінің редакциясында жауапты хатшы, 1951 жылдан бастап осы газеттің редакторлық қызметін атқардым. Редакторлық жұмысты 1957 жылы Қызылқұм ауданының Киров ауданына қосылғанға дейін істедім. Ал 1957 жылдан бастап 1963 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық, кейінірек радио және телевидение хабарларын тарату комитетінің Шымкент облысындағы меншікті тілшісі болдым.
1963 жылдан бастап облыстың үш аудан және Мырзашөл өңірі Өзбек ССР-нің қарамағына берілуіне байланысты, ірілендірілген ауданаралық «Жетісай»-«Джетысай» аталатын қазақ және орыс тілдерінде шығатын газеттің біріккен редакциясында редактор болдым.
Осы жұмыстан 1973 жылы Жетісай аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағалық қызметіне жіберіліп, осы жауапты жұмыста 1988 жылдың тамыз айына дейін немесе зейнеткерлікке шыққанға дейін жемісті жұмыс істедім. 1988 қазан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының азаматтық қорғаныс штабында бөлім бастығы, бас маманы болып 2002 жылдың шілдесіне дейін, ал күні бүгінгі дейін Республикалық «Аталар сөзі» газетінде тілшімін. Барлығы 62 жылдық еңбек-өтілім бар.
Қызметті істей жүріп 1953 жылы Ташкенттің педагогикалық училищесін, 1956 жылы Шымкенттің мұғалімдер институтын, 1959 жылы Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институттың тарих бөлімін бітірдім.
1950 жылдан КПСС мүшесінің қатарында, 1939 жылдан комсомол мүшесі болдым. Ұзақ жылдар бойы партия, Советтің сайлау органдарына: аудандық партия комитетінің 18 жылдай бюро мүшесі, 35 жылдай үздіксіз аудандық, қалалық Советтің депутаты болып сайлануыма тура келді. 1992 жылдан бастап Жетісай аудандық әкімшілігінің алқа мүшелігіне, Жетісай ауданының құрметті азаматы атағын берді.
Көп жылдар бойы елге, халыққа еңбегім үшін СССР-дің «Құрмет белгісі», «Ұлы Отан соғысы» ордендері және «1941-1945 жылдардағы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Соғыста жауынгерлік қызмет көрсеткені үшін», «Жуков», «Жеңістің 30, 40, 50, 60, 70 жылдық», «Еңбек ардагері» медальдарымен т. б. барлығы 30-дан аса наградалармен марапатталдым. Облыстық партия. Совет атқару комитетінің құрмет граматаларымен, Одақтық, Республикалық, Облыстық халықтық бақылау комитетінің құрмет грамотасымен бірнеше рет марапатталдым. Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабының үздігі және медалінің иегері болдым. Дербес зейнеткермін, Ұлы Отан соғысының 50-60-70 жылдығына байланысты оның қатысушысы ретінде маған Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың құттықтау хаты, аты жазылған бағалы сыйлығы берілді.
Облыс әкімінің 10-нан астам құттықтау және грамоталарымен марапатталдым Парламент Мәжілісінін грамоталарымен марапатталдым. Қазақстан Құрметті журналисті атағы және төс белгісімен марапатталдым.
Жұбайым Күріш екеуіміз 1949 жылы қосылып, 7 ұл-қыз тәрбиелеп өсірдік. Барлығының жоғары білімі бар, олар өздерінің алған білімдеріне сәйкес әр-түрлі салада қызмет атқарып жүр. Өзіммен бірге ұлым ауған соғысының ардагер қатысушы-офицері подполковник кеденде бастықтың орынбасары Бауыржан, келінім Халима дәрігер-терапевт болып қызмет істейді. 15 немере, 24 шөбере өсіріп отырмыз.





 
нравится:    738
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии