|    |  
15 желтоқсан 2019
04:24
қаз
Мәйіттерді тыңайтқыш ретінде пайдалануды ұсынды
16 қаңтар 2018, 11:19 29



Бельгияда Ecolo жасылдар партиясының өкілдері мәйіттерді өсімдіктерге арналған тыңайтқыш ретінде пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды RTBF телерадиокомпаниясы.

Журналистердің мәлімдеуінше, «жасылдар» зерттеулер деректеріне сүйене отырып, бір жылдан кейін өлген адамның денесі құнарлы және экологиялық таза тыңайтқышқа айналатынын айтады. Партия өкілдерінің пікірі бойынша, мұндай тыңайтқыштар саябақтарды көгалдандыру үшін таптырмас құрал болып табылады.

Сонымен қатар, олар мәйіттердің күлін олардың құрметіне отырғызылған ағаштар мен өсімдіктерді өсіруге пайдалануға болады деп есептейді.

Саясаткерлер Монс қаласы осындай әдісті қолданатын алғашқы қала болғанын қалайды. Таяу арада бұл мәселе қалалық әкімшілікте талқыланатын болады.

Ecolo өкілдері мәйіттерден тыңайтқышты қалай алатындығы әзірше нақтыланбаған.
 

Дереккөзі: http://www.segodnya.ua


Жаңалықтар