22 Август
13:07
Астана: 26 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Спорт
21 қыркүйек 14:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Майк Тайсон Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешіне қатысады

ЭКСПО-2017 көрмесі барысында Майк Тайсон, Геннадий Головкин және т.б. танымал былғары қолғап шеберлерінің қатысуымен кәсіби бокс кештері, сондай-ақ World Boxing Council мерейтойлық 55-ші конвенциясы ұйымдастырылады.

Аталған шаралар Астана қаласының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, «Қазақстан республикасының бокс федерациясы» қоғамдық бірлестігі, World Boxing Council және «Diamond Ring Promotions» ЖШС арасында қол қойылған кәсіби бокс саласындағы ынтымақтастық туралы бес жақты меморандум аясында өткізілмек.

– ЭКСПО-2017 – Қазақстан астанасында өткізілетін өте күшті әлемдік оқиға. Көрме шеңберінде көптеген ірі іс-шаралар дайындалып жатыр, оның ішінде халықаралық әлемдік пішінде өтетіндері де бар. Аталған меморандум ЭКСПО-2017 дайындалып жатқан іс-шаралар кешенінде өзінің ерекше орнын алады деп санаймын – деп атап өтті Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

World Boxing Council мерейтойлық Конвенциясына әлемнің 165 елінен делегаттар қатысады.

Еске салайық, халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйек аралығында өтеді.

juldyz-alem.kz
нравится:    870
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии