Мәдениет
25 тамыз 10:53
Майкл Джексонның қайтыс болғаннан кейін жарық көрген альбомы жалған болып шықты



Sony Music Entertainment компаниясы Майкл Джексон қайтыс болғаннан кейін шыққан әндер жинағындағы бірнеше әнді басқа әншілер орындағанын мойындады, деп хабарлайды Gazeta.ru.

EDM порталы хабарлағандай, компания өкілдері сот отырысында Breaking News, Keep Your Head Up және Monster әндерін Джейсон Малачи орындағанын мәлімдеді.

Майкл Джексонның Michael альбомы ол қайтыс болғаннан кейін 2010 жылы жарық көрген болатын.
Компанияға қатысты сот 2014 жылы басталған болатын. Оған поп королінің жанкүйерлері өз күдіктерін білдіріп, сотқа арыздануы себепші болды.

Алғашында компания өкілдері альбомға енген барлық әндерді Майкл Джексон өзі орындағанын айтып, көпшілікті сендіруге тырысты. Соңғы анықталған деректер бойынша сот шешімі 90 күн ішінде шығарылатын болады.

Шілде айында Майкл Джексонның дәрігері әншінің әкесі ұлының дауысын жақсарту мақсатында оны химиялық жолмен піштіргенін мәлімдеген болатын.
 

Комментарии




Яндекс.Метрика