20 Ноябрь
09:51
Астана: -2 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Экономика
3 тамыз 12:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Майкл Джексонның қолғабы 64,8 мың долларға сатылды
 

Атақты поп-әншісі, марқұм Майкл Джексонның өнер көрсеткен кездері сахнаға киіп жүрген ақ қолғабы бәссаудада 64,8 мың долларға сатылды.
 Майкл Джексон оны өзінің атақ-даңқын әйгілеген "Thriller" альбомы үшін марапат берілген салтанатты кеште киіп шыққан болатын.
Қолғаптың бастапқы бағасы 20 мың доллар болатын. Жеңімпаздың есімі аталмай отыр.
Айта кетейік, Майкл Джексон оң қолына ақ қолғап киіп, сахнаға бірінші рет 1983 жылы шықты. Кейін, 1999 жылы сұхбат алу кезінде журналистер одан неге қолғаптың біреу екенін сұрағанда, ол: «Неге біреу дейсіз бе? Себебі, біреу екеуге қарағанда, ерекше көрінеді ғой», – деп жауап берген.
1984 жылы Джексон қолғабына өзінің тапсырысы бойынша көптеген полотно салдырған. Ал кейбір қолғаптарын нағыз өнер туындысына айналған суретші Пол Бедардқа сыйға тартқан.
Музыка әлемі тарихындағы ең жарқын жұлдыздардың бірі болған Майкл Джексон 2009 жылғы 25 маусымда 51 жасында өмірден өтті.  Оның Thriller деген альбомы барлық уақыттар мен халықтар арасында ең көп сатылған күйтабақ ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Дереккөзі: rambler.ru
нравится:    790
Теги: Бизнес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии