13 Декабрь
05:34
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Экономика
29 мамыр 17:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Майкл Джексонның ранчосы 100 миллион долларға сатылмақ
Майкл Джексонның ранчосы 100 миллион долларға сатылмақ


100 миллион долларға бағаланған Майкл Джексонға тиесілі ранчоны сатылымға Sotheby's International Realty агенттігі шығарған.  lenta.ru  дың хабарлауынша, Калифорния штатында Санта-Барбара қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан зәулім ғимаратта 22 ден астам қосалқы үй-жайлары бар.

Sycamore Valley Ranch ранчосының аумағында екі көл, көптеген тоғандар,темір жол, бассейн,баскетбол алаңы және теннис корты орналасқан.Сонымен қатар, алты жатын бөлмесі бар негізгі үйдің маңайында қонақтарға арналған төрт және екі жатын бөлмелері бар екі қосалқы үй бар.

Агенттіктің хабарлауынша, сол жерде орналасқан аттракциондар саябағы мен хайуанаттар бағы сатылмайды.Бірақ ғимараттың жаңа қожайынына үймен қатар бірнеше лама мен 50-орындық кинотеатр тиесілі болады.

Майкл Джексон бұл ранчоны 1987 жылы 19,5 миллион долларға сатып алған.15 жыл өте қарыздарын өтеу үшін әнші оны сатуға мәжбур болады. 2005 жылы ранчоға иелік еткен Colony Capital компаниясы сату мақсатымен бірнеше миллион доллар қаржы құйып күрделі жөндеуден өткізген болатын.
 
нравится:    714
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии