13 Декабрь
21:05
Астана: -25 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Спорт
19 қараша 11:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Майкл Джорданның ойын жейдесі 173 мың долларға сатылды

Әлемге әйгілі америкалық баскетболшы, «Чикаго Буллз» командасының ойыншысы Майкл Джорданның соңғы ойындағы жейдесі 173 мың долларға сатылды деп жазады Trend.az ақпараттық агенттігі. 

Аталған агенттіктің айтуынша, Джорданның 1998 жылы 18 сәуірдегі соңғы ойынында киген жейдесі екендігін растайтын арнайы аутентификация рәсімі өткен. Соңғы кездесуде «Чикаго Буллз» құрамасының қарсыласы "Нью-Йорк Никс" құрамасы болды. Бұл ойында Джордан 44 ұпай жинаған еді. Сондай-ақ, сатылған лотқа «Чикаго» құрамасының жейдені растайтын хаты да қоса берілген.

Сондай-ақ, бұл сатылған жейденің бағасы баскетболшының бұрын аукционға қойылған заттарының ішіндегі ең қымбаты болып саналды. Себебі, 2013 жылы аукционда оның ҰБЛ-1997 ақтық сайысында киген спорттық ақ киімі 104 мың 765 долларға бағаланған еді. Ал, ағымдағы жылдың сәуірінде баскетболшының алғашқы киген спорт аяқ киімі 71 мың 553 долларға сатылып кетті.

Айта кетейік, Джордан олимпиада ойындарындарының екі рет жеңімпазы, ҰБЛ-дің 6 дүркін чемпионы атанды. Ол өз карьерасында мыңнан аса ойын өткізген. Майкл ҰБЛ клубын иеленген тұңғыш ойыншы болып тарихта қалды. 

BAQ.kz 
нравится:    650
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии