18 Декабрь
03:20
Астана: -18 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
15 маусым 11:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Майлы шашқа арналған маска
Майлы шашқа арналған маска 


Жаз маусымында шаштың тез майланып кетуі жиі кездесетін жайт. Оның алдын алу немесе емдеу үшін бірнеше масканың дайындалу жолын ұсынамыз.

Алоэ маскасы
1 ас қасық алоэ шырыны, 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық лимон шырынын араластырып, сарымсақтың 1 тілімін ұсақтап кесіп, қосыңыз. Қоспаны жақсылап араластырып, шаш жууға жарты сағат қалғанда жағыңыз. Душқа арналған бас киім не пакет киіп алып, сыртынан сүлгімен орап тастаңыз. Жарты сағаттан соң жылы сумен жуыңыз. Нәтижесіне жету үшін алоэ маскасын ең болмағанда екі аптада бір рет жасап тұрған жөн.

Жұмыртқа маскасы
1 саруызды 1 шай қасық арақ пен 1 шай қасық салқын сумен араластырыңыз. Шашты жуған соң масканы жағып, 15 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл масканы аптасына бір рет қайталап тұру керек.

Сүт маскасы
1 стақан жылы суға 1 шай қасық тұз салыңыз. Масканы шашқа уқалап жағып, 10 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл масканы екі-үш аптада бір рет жасап тұрған абзал.

Ашытқы маскасы
20-30 гр ашытқыны жылы суда ашытып, 1 жұмыртқаның ағын қосыңыз. Шашқа уқалап жағып, 40 минуттан соң жылы сумен жуыңыз. Бұл масканы аптасына екі рет қолданған жөн.

Дереккөзі:massaget.kz
 
нравится:    3121
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии