|    |  
21 қазан 2019
05:05
қаз
Майлы тағам есте сақтау қабілетін төмендетеді
14 мамыр 2015, 10:45 45
Иллинойс университетінің мамандары майлы тағамдар балалардың ми жұмысының жылдамдығын баяулатады деген пікір айтты. Тәжірибеге ғалымдар 7-10 жас аралығындағы 150 баланы қатыстырды. Олар балаларды топқа бөліп, есте сақтау қабілетін, зейінін бағалайтын ойын түрлерін ұсынды.


Зерттеу барысында белгілі болғандай, холестерині көп, майлы тағам жеген топ мүшелері ұзақ ойланып, тез шешім қабылдай алмады. Мамандардың пікіріне сүйенсек, майлы тағамдармен жиі тамақтану есте сақтау қабілетінің нашарлауына алып келеді, сондай-ақ бір мезетте бірнеше ақпаратты мида сақтау қабілетін төмендетеді, деп жазады шетелдік БАҚ.
 


Жаңалықтар