20 Октябрь
00:28
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
15 маусым 09:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Маймылдар бейнекамера ұрлап, достарымен селфи жасады (ВИДЕО)

АҚШ-та камера ұрлаған маймылдар достарымен бірнеше селфиге түсіп үлгерген. Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасай отырып 24.kz телеарнасы хабарлады.
Оқиға Мануэль Антонио ұлттық паркінде болған. 18 жастағы Коул Вебер жасырын камера арқылы маймылдарды түсіріп алмақ болған. Сол себепті ол GoPro бейнекамерасын ағашқа орнатып кеткен.
Калифорния тұрғыны капуцин тұқымдас маймылдардың бірі гаджетке жақындап, оны өзімен бірге алып кетерін күтпеген. Вебердің айтуынша, олар камераны тістеген. Бұл әрекеттерінен дым шықпағасын шаршап, гаджетті лақтырып кете берген. Ал екінші маймыл GoPro-ны қағып алып, біраз шұқылаған. Алайда ол да гаджетке деген қызығушылығын жоғалтқан. Америкалықтың телефоны камераға қосулы болғандықтан, бұл жағдайды тікелей эфир арқылы көріп отырыпты. 


​ҚазАқпарат
нравится:    796
Теги: Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии