11 Декабрь
17:19
Астана: -9 °C
Алматы: 0 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Мәдениет
9 желтоқсан 12:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Майра Мұхамедқызының қарапайымдылығы жас әншіні тәнтті етті
Қазақтың күміс көмей әншісі, Майра Мұхамедқызы "Славян базары-2015" ХІІІ халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауында бас жүлдені иеленген Димаш Құдайбергеновпен бірге ән шырқамақ.



Майра Мұхамедкызы мен Димаш Құдайбергеновтің дуэті  «Аққуым» әніне жазылыпты.
«Арайлап атқан таңмен бірге салған əн жүрекке барады деп ойлаймын. Сіздердің  патша көңілдеріңізге, Димаш екеуміз осы əнге барамызды салдық. Бұл əн біздің жүрегімізді баурап алды. Сіздерге де сөзсіз ұнайды деп сенемін»,-деп жазады Майра өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

"Славян базары-2015"  байқауынан кейін қалың нөпірге таныла бастаған, жас әнші Димаш Құдайбергеновты  әлемге аты шыққан Майра Мұхамедқызының "өнерінен" гөрі, өмірдегі қарапайымдылығы қатты тәнтті етсе керек.

«Майра апайыммен ән жазу үстіндеміз. Түнгі студия))) Майра апайдың қарапайымдылығына таң қалып жүрмін. Аты әлемге әйгілі халық әртісі боса да, біздің кейбір жас жұлдыздарға қарағанда 10 есе қарапайым»,- деді Димаш Құдайбергенов.

Еске салай кетейік, Майра Мұхамедқызы ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Тарлан» сыйлығының лауреаты, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Париждегі "Гранд Операның" Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі. «Алтын айдаһар» байқауында I сыйлық (Қытай, 1988 ж.); «Томаз Алкайде» байқауында I сыйлық (Португалия, 1997 ж.); Мәскеудегі П.И.Чайковский байқаунда III сыйлық, М.Я.Давыдова атындағы арнайы диплом (Ресей, 1998 ж.); Елена Образцова байқауының арнайы сыйлығы (1999 ж.); «Үміт» номинациясы бойынша «Тарлан» тәуелсіз меценаттар сыйлығының иегері (2000 ж.); «Қазақстан жыл таңдауы - 2004» байқауының «Алтын Адам» сыйлығы иегері.

Авторы: Абай Айсара
нравится:    1596
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии