15 Декабрь
04:45
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Экономика
25 ақпан 12:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Медиа нарық және лонгрид форматы
Техника мен технологияның дамуы қазақ журналистикасын үлкен ағынға алып келді. Қазір барлығы дерлік өзгерді... Адам санасы, өмірлік құндылықтар, керек десеңіз ақпаратты беру форматы.



Ғылым мен технологияның дамуы ақпарат берудің мыңдаған жолдарын ұсынды. Дәстүрлі үрдіс, яғни газет-журнал, баспа бірте-бірте тарих қойнауына ығыса түсті. Оның орнынын интернет-журналистика алмастыра бастады...
Осы саланы зерттеп жүрген мамандардың пікірінше, интернеттегі мәтінді дәстүрлі принцип бойынша, яғни газет-журналдағы мақалалар сияқты көлемді етіп жариялау, шектен тыс ақпарат беру миды шаршатып жібереді-міс. Берілетін ақпараттың қысқа және нақты болуы өте өзекті. Алайда, қоғамның өзекті мәселесін «шолтитып» қалай бере аламыз. Бұл ретте  қазіргі кезде дамып келе жатқан –лонгрид форматы ерекше назар аудартады.

«Болашақта қазақ журналистикасында ақпарат берудің жаңа форматы – лонгрид арқылы дамитын болады. Әсіресе, қоғамның өзекті проблемасын қаузайтын тақырыптарды  осы форматпен берудің маңыздылығы артады»,- дейді  «Шеврон компаниясының демеушілігімен Түркітілдес журналистика қоры» өткізген «Кәсіби шеберлік және журналистика»  тақырыбындағы тренингте «Сұрақ-жауап» сайтының негізін қалаушы  Ербол Серікбай.

Лонгрид сөзі ағылшының “long read”-ұзақ оқу сөзінен шыққан. Бұл интернетте ақпаратты бердің жаңа форматы. Өздеріңізге белгілі жайт, интернетте сала-құлаш ақпараттарды беру мүмкін емес. Оны ешкім қарамайды да. Алайда, лонгрид – осы мәселені басқа жағынан шешуді ұсынады. Лонгрид -  ол тек мәтіндерден ғана тұрмайды онда видеороликтер, инфографикалар, тұсау кесерлер, фонды музыка, иллюстрациялар (оның ішінде интерактивті), сітемелер, тақырып бойынша айтылған ойлар т.б. болады. Лонгрид біртұтас тарих ретінде қабылданады. Басқаша айтқан кезде, сіздің материалыңызды ашқан адам сіз көтерген мәселе туралы жан-жақты, толық мәліметтер алуы тиіс.



vashredaktor.com сайты қазіргі лонгридтің типтерін былай жіктеп көрсетеді:

1. Репортаж. Оқиғаны суреттемейміз – өйткені сенсіз де оны барлығы біледі. Бұл материалды беру кезінде «мен» есімдігін қолданбаңыз. Мұнда сіз  оқиғаның басты кейіпкері емес, тек хабарлаушысыз, яғни сіз оқырмандарға оқиғаны өзінің көзімен көргендей етіп ұсынуыңыз тиіс.

2. Қайта құру. Бұл материал болған оқиғаның себептері мен салдарларын ой сараптамасынан өткізетін қайта құру тізбесі болуы тиіс. Мұндай типтегі лонгридте қосымша айқындағыш құралдар маңызды рөл ойнайды: әуенмен сүйемелдеу, видео қойылым т.б.

3.Потреттер (екінші атауы − people stories).  Мұндай типке портреттік сұхбат және очерк және ғұмырнамалық суреттеулер жатады. Мұндағы мақсат – басты кейіпкердің түр-тұлғасын, өмірлік ұстанымын, көзқарасын ашу. Бір сөзбен айтқан кезде тұлғана өзге адамдардан даралап көрсету. Мұндағы басты аспект  жоғары сапалы және ойластырылған иллюстративті қатарлар.

 Жалпы бұл формат батыс нарығын әуелден дамып өзінің белгілі бір миссиясын орындап үлгерді. Өзгені айтпағанда, орыс медиа нарығында лонгрид форматында ақпарат беру қарқынды дамып кетті. Мәселен, ресейлік белді басылымдар http://kommersant.ru/, lenta.ru т.б. интернет басылымдары маңызды және тарихи оқиғаларды лонгрид форматында беруден алдына жан салмай келе жатыр. Мәселен, «Коммерсантъ» басылымы дайындаған «День, когда началась война» атты лонгрид форматындағы  соғыс басталған күннің әр минутындағы оқиғаны қамтиды. Үлкен тарихи оқиғаны керемет етіп ұсынады.  Ауқымды мәтінді қалай аяғына дейін жалықпай оқып қойғаныңызды  сезбей қаласыз. Үздік лонгридтермен тынысқыңыз келсе мына сілтемені басыңыз: http://monocler.ru/16-longridov-kotoryie-hochetsya-peresmatrivat-i-perechityivat/




Ал бізде бұл үрдіс қалай дамып келе жатыр...Орталық Азия және Әзірбайжандағы жарнама туралы тұңғыш сайттың негізін қалаушы Фархад Кучкаров: «Орта Азиядағы дизайн-жобалар, интернет-медиа индустриясы бейберекетсіз, босаң дамып келе жатыр. Өйткені бізде осы салада кәсіби көзқарас пен ортақ ереже жоқ»,- деген екен. Біз шындығын айту керек, заманауи техника мен технологияны ендіру, қазақ журналистикасына жаңа лонгрид, интернет-брендинг сынды оқырмандар сұранысын қанағаттандыратын форматтарды ендіруде кешеуілдеп келеміз. Тек myprofession.kz деген сайтында  лонгрид деген бөлім ашылған. Бірақ онда бірде бір жазба тіркелмеген екен.

Заман ағысынан қалмау, бәсекелі ортада өзінің оқырмандарын жоғалтпау, медиа нарықтағы оқырмандардың сұранысын қанағаттандыру жаңа технологияны жылдам игеріп пайдалану – қазіргі қазақ тілді журналистердің басты мақсаттарының бірі болып қала береді.

Авторы: Саягүл Жарылқасын
нравится:    1050
Теги: Главная, Медиа нарық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии