20 Август
13:53
Астана: 20 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Туризм
15 қыркүйек 14:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Медициналық туризм- экономикалық табыс көзі


Медициналық туризм – бұл азаматтардың сапалы және қолжетімді медициналық көмекті іздеу мақсатында шетелге шығуы. Адамдардың медициналық көмекті өзге елдерде алуына итермелейтін түрлі әлеуметтік-экономикалық себептер бар.



Азия елдері бойынша медициналық туризмде Қытай, Сингапур сияқты елдер көш бастап келеді. Осы жерде Сингапур медицинасына ерекше тоқталғанды жөн санады.
Сингапурға туристтерден келетін қаржылық пайда өте жоғары деңгейде. Сингапурда емделу АҚШ және европа емделуден арзан. АҚШ пен Германияда емделуден 40%-ға арзан, 60%-ға Ұлыбританиядан арзан. АҚШ-та 160 мың доллар тұратын ота түрі, Сингапурда 12 мың доллар тұрады екен.
Сингапур Клиникалары әлемдегі ең үздік клиникалар қатарына кіреді. Клиникалардың негізгі ерекшелігі –сапалы көпсалалы медициналық қызмет көрсетуге тырысады. 



Жалпысоматикалық және неврологиялық орталық «интелектуалдық емдеу жүйесін» әлемде алғашқы болып қолдананған мекемелер. Джозеф Вудмен «Пациенты без границ» кітабында медициналық туризм туралы жазады. Ол 7 жыл бойы әр елдегі медициналық қызметті зерттеп, салыстырған. Джозев Вудменнің пайымынша ең үздік медицина Сингапур елінде.«Медициналық қызметтің көпсалалығы, арзандығы, мамандар біліктілігі –Сингапур медицинасының үздік болуының себебі» дейді автор.



Қазақстандық пациенттер ұзақ уақыт бойы кардиохирургия, нейрохирургия, мүшелерге трансплантация жасау, онкология және т.б. сияқты медицина салаларында ем алу үшін өзге елдерге баруға мәжбүр еді. Ал, қазір жағдай басқа.
Астана қаласында Ұлттық медициналық холдингінің қазіргі заманғы клиникаларын құру мен елдегі кардиохирургиялық және нейрохирургиялық көмектің дамуы, қазақстандықтардың шетелде емделуге деген қажеттіліктерін едәуір төмендетті. Тіпті, шетелдіктер үшін Қазақстанда халықаралық талаптарға сай медициналық қызмет алу мүмкіндігі туды.

2011-2014 жылдары елордадағы Ұлттық медициналық холдинг клиникаларында және Ұлттық ғылыми медициналық орталықта әлемнің 30-дан астам елінің 4799 азаматына медициналық көмек көрсетілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Атап айтқанда, жоғары медициналық мамандандырылған көмек алу үшін ҰМХ еншілес ұйымдарына Ресей, АҚШ, Жапония, Италия, Ұлыбритания, Түркия, Болгария, Шри-Ланка, Филиппин, Қырғызстан және өзге елдердің азаматтары келген. Шетел азаматтары көбінесе омыртқа дискі жарығын микрохирургиялық жолмен алып тастау, экстракорпоральды ұрықтандыру, жүректегі қан жолы тетігіне кардиохирургиялық ота жасау, жатыр артериясын эмболизациялау сияқты қызметтерге жүгінеді. Өзге елдерге қарағанда Қазақстанда жасалатын оталардың құны төмен.

Дереккөзі: Интернет материалдары негіздерінде әзірленді
нравится:    2133
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии