23 Август
21:37
Астана: 23 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
15 ақпан 09:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Медведев ЕО-ға жасалған санкцияны алудан бас тартты
13-02-16-medvedev

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Мәскеудің Еуроодақ елдеріне салған санкциясын алып тастай алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Lenta.ru ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Үкімет басшысы мұны Мюнхен алаңында өткен Ресей мен Германия іскерлері шеңбері кездесуі кезінде айтты.

«Мен жасырмаймын, әртүрлі Еуропа елдері кәсіпкерлерімен, сондай-ақ саясаткерлерімен және осы елдердің мемлекет басшыларымен көптеген кездесулер өткіздім, солардың бәрі маған: «Бізден анау немесе мынау секторлар бойынша шектеу шараларын алыңыздаршы» деп айтты», – деп атап өтті Медведев.

Оның айтуынша, Ресей бұған бара алмайды. Себебі, «біріншіден, бұл шектеу шараларының бәрі олардың тарапынан болған осындай қадамдарға қарсы жауап сипатында жасалып отыр, екіншіден, бұған Бүкіләлемдік сауда ұйымының нормалары рұқсат бермейді, олай болмаған күнде ішінара таңдап жасалған әрекет болып шығар еді».

Премьер бұл жерде «осындай әрекеттерді алдымен кіс бастады, одан қайтуды да солар бастауы тиіс» деген принциптің де бар екенін жасырмады. Ол бұлардан босап қалған орындарды сол заматында басқа бәсекелестердің алып қойғанын алға тартты.

2014 жылы Ресей құрамына Қырымның қосылуына байланысты әлемнің бірқатар елдері Мәскеуге санкция енгізген болатын. Осыдан кейін РФ да оларға жауап беруге мәжбүр болды. Қазір оның тауар әкелінуге тыйым салынған қарсы шарасына іліккен елдер қатарында ЕО, АҚШ, Австралия, Канада, Норвегия, Черногория, Албания, Исландия, Лихтенштейн және Украина бар.
нравится:    729
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии