23 Август
21:34
Астана: 23 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
14 сәуір 15:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Меккеде 10 жыл бойы бұрын-соңды болмаған аптап ыстық орнайды
Меккеде 10 жыл бойы бұрын-соңды болмаған аптап ыстық орнайды

Сауд Арабиясының билігі мұсылмандардың қасиетті қалаларында, атап айтқанда, Мекке мен Мәдинада 10 жыл қатарынан бұрын-соңды болмаған, яғни, осы уақытқа дейін байқалмаған аптап ыстық орнайтынын хабарлады. Бұл дерек қасиетті екі мешіт қамқоршысының интситуты жүргізген метеорологиялық зерттеу нәтижесінен белгілі болды. Алдағы он жылдың ішінде Зүлһиджа айы Сауд Арабиясындағы ең ыстық кезге – қыркүйек, тамыз, шілде, маусым айларына тұспа-тұс келеді екен. Мекке мен оның маңында ауа температурасы Цельсия бойынша 50 градусқа дейін көтерілетін көрінеді. Сол себепті, саудиялық билік қажыларға денсаулықтарына абай болу турасында ескерту жасап отыр. Сөз реті келгенде айта кетейік, статистикалық мәлімет бойынша өткен жылғы қажылық маусымында ыстықтан зардап шеккендер саны 1014 адамға жеткен, 723 адамға күн өткен, тағы 1737 адам аптаптан титықтап, әл-дәрмені қалмаған. 

Дереккөзі: islam.kz
нравится:    709
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии