21 Сентябрь
12:56
Астана: 22 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Әлем жаңалықтары
14 қыркүйек 09:23
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Меккедегі кран құлауынан қаза тапқандар 107-ге жетті
Соңғы мәліметтер бойынша, Сауд Арабиясындағы Меккенің Әл-Харам мешітіне кран құлауы салдарынан қаза тапқар саны 107 адамға дейін ұлғайған. Бұл туралы 12 сәуір, сенбі күні елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған РИА «Новости» хабарлады.


Агенттіктің хабарлауынша, бұл апаттың нәтижесінде тағы 238 адам жарақат алып қалған.

«Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендердің қандай ұлттар өкілдері екендері жөнінде ақпар жоқ», – атап өтті ТАСС. Саудия БАҚ-тарының жазуларына қарағанда, қаза тапқандар мен жарақат алып қалғандардың басым бөлігі қажылыққа келген шет елдіктер болуы керек.

Алдын ала мәліметтерде құрылыс кранының құлап кетуіне сол кезде тұрған қатты жел мен жаңбыр әсер еткені айтылады. Кран құлаған кезінде Әл-Харам мешітінің шатырын тесіп өтіп, қажылық сапарға келуші шет елдіктердің үстеріне құлаған. Олар мұнда исламның қасиетті орындарының бірі ретінде тәу ету үшін аяқ басқан. Мұнда жұма намазға байланысты келушілер айрықша көп болған сияқты.

Меккенің басқарушысы Халед әл-Фесалдың өкімімен болған жағдайдың бүге-шігесін тексеретін комиссия құрылған.

Әл-Харам – ауласында исламның қасиетті мекені – қағба орналасқан әлемдегі ең ірі мешіт. Қажылық кезінде мұнда келушілердің саны миллион адамнан асып кетеді. Мұсылмандарды намазға шақыратын мұнарасының биіктігі 89 метрге жетеді.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    1252
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии