21 Август
06:54
Астана: 6 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
25 қыркүйек 09:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Меккеге жақын жерде 700 адам бір-бірін басып өлтірді (видео)
Сауд Арабиясындағы Мекке қаласында қажылыққа барған адамдардың жаппай лықсып, бір-бірін басып өтуі нәтижесінде 700-ден астам адам жантәсілім етті. Бұл туралы dw.com хабарлады.



Саудия билігі тағы кемінде 805 адамның жарақат алып қалғанын жеткізді. Қайғылы оқиға Меккеге жақын жердегі Мина қаласында орын алған. Осында қажылыққа келген мұсылмандар дәстүрлі шара – шайтанды таспен ұру кезінде бір-бірлерін таптап кеткен. Мұндай асығыстық пен үрейдің себебі неде екені әзірге белгілі болған жоқ.



Қажылық – мұсылман қауымының жылына бір рет исламның қасиетті орындарына тәу етіп қайтуларына арналған ең ірі шара. Биылғы жылы қажылықтың өзі көңілге қаяу түсіретін апаттан басталды. Қыркүйектің 11-і күні әлемдегі ең ірі «әл-Харам» мешіті ауласында жүріп жатқан құрылысқа әкелінген екі кран да жерге құлап түсіп, 107 адамның қаза табуларына, 400 қаралы адамның әртүрлі зардап шегулеріне апарып соқтырды. Осы қайғылы оқиғаға қарамастан, Сауд Арабиясы билігі қажылықты тоқтата қоймады.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    1109
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии