13 Декабрь
03:50
Астана: -25 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
29 шілде 11:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мексикада әйелдерді өлтірген қылмыскерлер 700 жылға сотталды


Мексикалық Чиуауа штатының соты әйелдерді жаппай өлтіруге қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталған бес қылмыскерге 697 жылға бас бостандығыныан айыру түрінде жаза кесті. Бұл туралы РИА новости хабарлады.

Әңгіме 2009 және 2010 жылдар кезеңінде жасалған қылмыстар жайлы. Қаскүнемдер жас қыздарды арбап алдап, кейін оларды жезөкшелікпен айналысуға, есірткі таратуға мәжбүрлеген. Ал әйелдер «тауарлық түрін» жоғалтқан кезде, оларды өлтіріп, мүрдесін жасырып отырған.

Осынша мерзімге сотталғаннан басқа, олар өлтірген адамдарының туыстарына келтірілген моральдық шығынның өтемақысы ретінде 550 мың доллардан астам ақша төлеуге міндетті.  Мексикада 2007-2012 жылдар кезеңінде әйелдерді өлтіру саны артты, яғни 2,7 мыңға жеткен.
нравится:    863
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии