|    |  
25 наурыз 2019
14:57
қаз
Мексикада ұрлап әкеткен футболшы Алан Пулидо босатылды
31 мамыр 2016, 09:20 1

Жексенбі күні Мексиканың солтүстік-шығысында ұрланған Грекияның «Олимпиакос» клубы мен Мексика құрамасының шабуылшысы, мексикалық футболшы Алан Пулидо босатылды, деп хабарлайды Мексика елінің билігі. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.  

Еске сала кетейік, 25 жастағы спортшы Тамаулипас штатынындағы туған қаласы Сьюдад-Викторияның маңында ұрланған. Ол сол кезде бойжеткенімен бірге той-томалақтан шыққан еді.

Жергілікті БАҚ жексенбі күні беттерін бүркеген бірнеше ер адам Пулидоны көлігінен шығарып алып кеткенін, қасындағы бойжеткенге тиіспегенін жазған.

Полиция футболшының зардап шекпегенін мәлімдеді.

​ ҚазАқпарат 
 


Жаңалықтар