Әлем жаңалықтары
20 маусым 11:03
Мектеп түлегінің анасы сахнада өлең оқып тұрып, көз жұмды


Шахтинск мектебінде аттестаттарды тапсырудың салтанатты шарасында түлектердің бірінің анасы қаза тапты,  деп хабарлады «Наша Ярмарка» басылымы.
№ 7 Шахтинск мектебінде тоғызыншы сынып түлектеріне арналған кеш қайғылы аяқталды. Мұғалімдерге алғысын айтып жатқан кезінде ата-аналардың бірі 39 жастағы Татьяна жерге құлаған.  Жедел жәрдем тез жетті. Алайда әйел көз жұмды.
Ата-аналардың сөздеріне қарағанда, бұл күні Татьянаның қызы да мектеп бітіріп жатқан. Оның ұлы да осы мектепті тәмамдаған екен.  Татьяна артық салмақтан арылу үшін соңғы кездері жарнамаланып жатқан арықтауға арналған препараттардың бірін пайдаланып,  арнайы тренингтерге барып жүрген. Жарты жылда ғана ол қырық келіден арылды.  
 -  Оның салмағы 67 келіге жетті. Алайда ол мұны да көп деп санады... - деді қаза тапқан Татьянаның қызының сыныптасының анасы. - Бұл күні ол бақытты болды. Сахнада өлең оқыды. Кенеттен құлап қалды. Алдын ала диагноз: тамыр жарылып кеткен.
 
 

Комментарии




Яндекс.Метрика