Мәдениет
16 қыркүйек 12:35
Мел Гибсон тоғызыншы рет әке атанбақ
Шетелдік БАҚ өкілдерінің хабарлауына қарағанда,  голливудтық жұлдыз Мел Гибсон тоғызыншы рет әке атанбақ. Бұған дейін белгілі болғандай, 59- жастағы актер  24-жастағы Розалинда Росс  атты спортшы қызбен біраз уақыттан бері кездесіп келеді. 



Мел Гибсонның құрбысы өзінің аяғы ауыр екендігін растаған жоқ. Бірақ жоққа да шығармады. Ол жақында  австралиялық New Idea журналына берген сұхбатында: «Біз болашақ баламыз үшін қандай сыйлық жасайтындығымызды қазірдің өзінде  ойластырып жатырмыз»,-  деген болатын. Бұл сөз Розалинда Росстың аяғы ауыр деген пікірді одан әрі қаузай түсті.
 
The Australian порталының таратқан ақпараттары бойынша Гибсон жас бойжеткенмен осы жазда танысқан.  Розалинда шоу-бизнесте үлкен мансапқа қол жеткізуді мақсат етеді. Ал ат спорты оның хобби ғана екен.

Егер Розалинданың шынымен де аяғы ауыр болса, онда Гибсон тоғызыншы рет әке атанбақ.

Комментарии




Яндекс.Метрика