|    |  
21 қазан 2019
02:55
қаз
​Меладзе «Голос.Дети» шоуының нәтижелерін жоюға қатысты пікір білдірді
17 мамыр 2019, 15:06 119
Музыкант Валерий Меладзе «Голос. Дети» шоуының нәтижелерінің күшін жоюға қатысты пікір білдірді.


 
Өзінің Instagram парақшасында ол өзі үшін көрермендердің сенімін сақтап, әрі қарай балаларға көмектесудің маңызды екенін айтқан.
 
«Голос. Дети» жобасының дауыс беру ісінің айқындалғанына қуаныштымын. Себебі ең бастысы «Голос» жобасын эфирде сақтау және көрермендердің сенімін жоғалтпау. Талантты балаларға әрі қарай көмектесу. Бұл мен үшін кез келген дауыс беру мен жеңістерден маңыздырақ»-дейді.
 
Конкурс нәтижелерінің күшін жоюды Максим Галкин батыл әрі әділ шешім деп бағалады.

Еске сала кетейік, дау Алсудың қызы Микелла Абрамова 56,5% дауыс жинап, жеңіске жеткеннен кейін басталған болатын.
 
Дереккөз: aif.ru


Жаңалықтар