16 Август
18:55
Астана: 23 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 332.91
EUR/KZT: 391.17
RUB/KZT: 5.55
CNY/KZT: 49.84
Мәдениет
8 ақпан 10:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«МЕЛОМЕН» ТОБЫНЫҢ ӘНШІЛЕРІ ЖОЛ АПАТЫНА ҰШЫРАДЫ

«Меломен» тобының әншілері жол апатына ұшырады, — деп хабарлайды Baistars.kz. Сайтымызға мәлім болғандай, әншілер 7 ақпан күні таңғы сағат 4-тер шамасында Алматы қаласында Әл-Фараби даңғылымен Lexus көлігімен Алма-Арасан шатқалына көтеріліп бара жатып, жол көлік апатына ұшыраған. Тізгінде Жігер Ауыпбаев болған. Ол рұқсат етілген жерден солға қарай бұрылыс жасаған сәтте арт жақтан қатты жылдамдықпен Nissan маркалы жол талғамайтын көлік соққан. Қатты соққыдан Жігер Ауыпбаев жүргізіп келе жатқан көлік бір аунап, шетке ұшып түскен. Абырой болғанда, топтағы үш жігітке зақым келмеді. Ал тізгінде отырған Жігер орнынан қозғала алмай қалған.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері Жігерді қалалық №12 ауруханаға алып кетті. Қазіргі таңда Жігер ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, 10 ақпан күні «Меломен» тобы және Жігер Ауыпбаев өзі басты рөлді сомдаған «72 сағатта үйлену» фильмінің тұсаукесеріне қатысу керек болған. Бұл фильм 11 ақпаннан бастап барлық кинотеатрларда көрсетіледі деп хабарлағанбыз. Ендігі ретте әншінің жанкүйерлері дәрігерлерден жағымды ақпарат күтуде.

baistars.kz
нравится:    1712
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии