|    |  
16 қараша 2018
12:28
қаз
​Мемлекетке сатқындық жасағаны үшін 62 жасөспірім ұсталды
25 шілде, 16:48 586

 
Түркияда мемлекеттік төңкеріске қатысты деген күдікпен Ыстамбұл әскери мектебінің 62 тәрбиеленушісі ұсталды. Жасөспірімдердің жасы 14-17 жас аралығында. Оларға ата-аналарымен сөйлесуге рұқсат берілмей отыр.
 
Жасөспірімдердің адвокаттарының айтуынша, командирлері  емтихан тапсыруға келген жасөспірімдерге форма кигізіп, қолдарына қару беріп, оқу ордасын күзетуді тапсырған. Кейін командирлері қашып кеткен. Жасөспірімдер осыдан кейін көп ұзамай ұсталған. Ал кейбір жасөспірімдерді белгілі футболшылармен кездесу ұйымдастырылады деп шақырып алған.
 
Кадеттердің адвокаттары бүлікшілерден кек қайтару науқанында жасөспірімдер жазықсыз жапа шегеді деп қауіптеніп отыр. Түркияда бір аптаның ішінде 50 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер ұсталған. Олардың арасында  үш мың судья мен прокурор бар. Он мыңдаған мұғалім лицензиясынан айырылған, ЖОО оқытушыларына елден шығуға тыйым салынған.
 
Дереккөз: Лента.ру
Теги: Саясат
Жаңалықтар