22 Август
17:15
Астана: 27 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
5 қаңтар 09:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Менделеев кестесіне жаңа төрт элемент енгізілді




Менделеев кестесі ретінде белгілі химиялық элементтердің периодтық жүйесіне жаңа төрт элемент енгізілді.Бұл төрт элементтің бәрі бұдан бірнеше жыл бұрын ашылған болатын, алайда сараптамашыларға мәліметтерді қайта тексеруге уақыт қажет болды. Енді кестенің жетінші қатары түгел толтырылды, деп хабарлады Би-би-си.
113, 115, 117 және 118-ші нөмірлерді иеленген жаңа элементтердің әзірге тұрақты атауы жоқ. Ғалымдар оларды кейінірек ойлап таппақ. Төрт элементтің бәрі де аса ауыр элементтерге жатады.
115, 117 және 118-ші элементтерді алғашқы ашушылар болып ресейлік және американдық ғалымдардан құрылған халықаралық зерттеу тобы танылды.
Бұл топ 113-ші элементті де алғашқы ашушы құқығын иеленуге үміткер болды, алайда қорытындысында сарапшылар бұл ашылымды Жапония ғалымдарына бекітті.
Соңғы рет химиялық элементтердің периодтық жүйесііне өзгерістер 2011 жылы енгізілген болатын. Сол кезде оған 114-ші және 116-шы элементтер қосылды. 

 
нравится:    913
Теги: Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии