21 Август
19:57
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
30 қазан 12:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Мені жарының қасынан қалмайды деп сөкпеңіздер- Айған Жолдасова
Белгілі әнші, сазгер Ұлықпан Жолдасовты жары Айған Саулаубекқызы көпшілік алдында ағынан жарылды. Танымал жарының қасынан қалмайтын сияқты көрінетін Айған ханым мұның сырын айтып берді.



«Ең алғаш рет 1996 жылы Ұлықпан Жолдасовтың жеке коммерциялық бағыттағы (Ол кезде тек филарм ұйымдастыруымен мемлекеттік концерттер болатын) концертін өзім ұйымдастырдым. Афишасын шығарып, жапсыруға дейін өз қолыммен жасаған болатынмын. Ондай продюсер кемде-кем шығар. Бірақ сол кешімізге адам сыймай, екінші концерт беріп, еңбегім ақталған еді. Сол кезден бастап бүгінге дейін концерттер ұйымдастыру, гастроль, съемка, фотосессия бəрі де менің мойнымдағы шаруа. Ал Ұлықпан əнімен айналысады. Себебі шығармашылық адамына әкімшілік жұмыс керісінше кедергі болады. Сондықтан мені "жарының қасынан қалмайды, не істеп жүр" сөге көрмеңіздер. Мен қанша жыл бойы продюсердің жұмыстарын атқарып келгенмін, қазір де орталығымыздың шаруаларымен айналысамын»,- деді Айған ханым.

 

“Заман”, “Диета Kz”, “Дауыс Kz” және т.б топтардың продюсері Ұлықпан Жолдасов пен оның жары Айған Жолдасова Болат және Фарида атты ұл-қызы тәрбиелеп отыр. Ұл-қыздары өнерден құр алақан емес.

 

Р.S. Осы ретте «Табысқа жеткен кез келген ерекектің артында не тектіден алған жары, не тектіні туған анасы тұрады» деген сөз ойға оралады.

Авторы: Абай Айсара
нравится:    1726
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии