|    |  
11 желтоқсан 2018
00:51
қаз
Mercedes-Benz әлемдегі ең алғашқы автосаяхат туралы видеоны жариялады
22 тамыз, 18:11 60


1888 жылы Берта Бенц Model 3 автокөлігімен алғаш рет саяхатқа шыққан болатын.

Daimler концерні автомобиль құрастыру және Mercedes-Benz маркасының тарихындағы ең маңызды сәт бейнеленген видеоны қайта жаңғыртты. Видеодан әлем тарихындағы ең алғашқы көлік жүргізуші Берта Бенцтің автосаяхатын тамашалауға болады. Мангейм-Пфорцхайм бағытымен саяхат 1888 жылғы 5 тамызда басталған болатын. Жолдың жалпы қашықтығы 106 км құрайды, деп хабарлайды motor.ru.

Берта өзінің күйеуі Карл Бенцтің рұқсатынсыз жасаған осы саяхаты барысында ағаштан жасалған тежегіштерді терімен алмастырған, отын жүйесін тазарту үшін шпильканы, ал оқшаулағыш ретінде аспаны пайдаланған. Ол сапардан оралған сәтте автомобильдің конструкциясына болашақта көліктің бұзылуынан қорғауға мүмкіндік беретін барлық қажетті өзгерістер енгізілген болатын.

Берта Бенцтің саяхаты фирманың тарихында шешуші рөл атқарып, машинаның конструктивті параметрлерін жақсартуға көмегін тигізді.




 


Жаңалықтар