17 Декабрь
12:16
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
26 қараша 17:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Меренга қосып пісірілген алма
Меренга немесе безе – десерттерде әшекей ретінде жиі қолданылатын еліктіретін дәмді тәтті тағам. Пісірілген алмадағы меренганы көрейік.

Безе қосып пісірілген алма  
Ингредиенттер:

4 ірі алма
20 г мейіз
50 г балқарағай және грек жаңғақтарының қоспасы
4 ас қасық бал
1 ақуыз
30 г қант ұнтағы
Бір шымшым тұз

Нұсқаулар

Алманы жуып, кептіріп, алманың ортасын түбі қалатындай ойып алыңыз. Пісірген кезде қабықтары жарылып кетпес үшін алмаларға цедра тазартуға арналған арнайы пышақпен тілік жасаңыз. Мейіз бен жаңғақты араластырып, онымен алманы толтырыңыз. Әрбіреуіне ас қасық бал құйыңыз. Пісіруге арналған қалыптарға түбінен 1 см деңгейде су құйыңыз, оған алмаларды қойып, оларды 180 °С температурада 30 минут бойы пісіріңіз. Пісіп жатқан кезде ақуызды біркелкі, жылтыр қоспа шыққанға дейін қант ұнтағымен және тұзбен миксерде жоғары жылдамдықта араластырыңыз. Онымен пішінді бастиегі бар аспаздық қапты толтырыңыз. Духовкадан алмаларды шығарып алыңыз, аспаздық қаптың көмегімен әрбір алмаға шамалы қоспаны сығып, меренга алтын түске боялғанша тағы 5 ─10 минут пісіріңіз. Міне қарапайым, әрі калориясы аз десерт осындай болады. 

Дереккөзі: kz.everydayme.com
нравится:    698
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии