17 Август
15:47
Астана: 23 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
17 маусым 10:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«MERS» вирусы Еуропаға жетті
Ресейде короновирус белгілері бар деген қауіппен әйел адам ауруханаға жеткізілген.
Бұл жайында Риа-Новости жазады. Ал, Германияда «MERS» коронавирусын тасымалдаушы 65 жастағы ер адам көз жұмды. Қайтыс болған науқас Вестфалия тұрғыны деп жазады неміс газеті ДИ ВЭЛТ («Die Welt»).



Басылым дерегінше, ер адам вирусты осы жылдың ақпанында Әбу-Дабиге барған сапарында жұқтырған. Науқастың ішкі ағзалары зақымданған. Бұған дейін Оңтүстік Кореяда аталған індетті 154 адам жұқтырғаны хабарланған еді. Шамамен 5 жарым мың адам карантин аймағында қалды. 2 жарым мыңнан аса мектеп пен балабақша жабылып, қоғамдық іс-шаралар да тоқтатылған еді. Дүниежүлік Денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, Оңтүстік Кореяда вирусты тасымалдаушыларды жатқызатын медициналық мекемелер саны шектеулі. Коронавирус - адамға жұққан кезде айтарлықтай белгілер байқалмайды, кәдімгі тұмауға ұқсас. Әзірге, бұл қатерлі індетке қарсы тұратын не екпе, не дәрі-дәрмек жоқ.

Дереккөзі: astanatv.kz
нравится:    761
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии