20 Август
04:36
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
14 шілде 16:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Меруерт Түсіпбаева ауруханаға түсіп қалды


Меруерт Түсіпбаева денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалды. Оның немен сырқаттанғаны әзірше белгісіз.

Әлеуметтік желіде емханада жатқан фотосымен бөліскен жұлдыз жақында ғана балалар байқауында әділ қазы мүшесі болып жүрген кезінде Зарина есімді балақайдың өнеріне тәнті болғанын айтып, кезекті сайыстағы өнерін тамашалай алмағанына өкінішін білдірді. 
"Жарық жұлдыз, өнерлі балалар сайысында әділ-қазы алқалар мүшесінде болдым. Өз басым осы қызды ұнаттым. Мен хореограф болмағандықтан, Заринаға ешқандай орын берілмеді. Артынша диплом тапсырды. Зарина, бүкіл жұрттың ортасында орын алмадым деп жасыма. Сені қолдан келгенше қолдауға сөз беремін... Бүгін міне Алланың қалауымен және менің көмегіммен ол Қазақстан ұлттық арнасында  республикалық сайысқа шықты. Өнер көрсетіп жатыр. Мен бара алмадым. Педагогы видео жолдаған екен. Мені келеді деп күткен екен. Мен болсам тақымымды қысып жылап алдым. Күнім-ау, сен ақтөбеліктер ғана емес, барша қазақ мақтанатын жұлдыз болшы. Тілеуіңді тіледім", - деп жазған әнші.
Сонымен қатар, кктриса ауруханада жатқан сәтінде оған қолдау көрсетіп жүрген жақынына алғысын білдірді.
"Қамқорлығың үшін көп рахмет! Сен болмасаң, мен осындай болар ма едім?! Жер бетінде жасаған жақсылықтарым үшін Алла маған сені тарту етті", – дейді ол.
Желі қолданушылары болса, актрисаға тезірек сауығып кетуін тілеуде.
нравится:    997
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии