Мәдениет
6 қазан 15:03
​Меруерт Түсiпбаева Нұрғиса Тілендиев туралы фильмге түспек
Белгілі әнші Меруерт Түсiпбаева атақты сазгер-күйші, қазақ күйінің сайыпқыраны Нұрғиса Тілендиев туралы фильмге түспек. Ол аталған фильмнің анау-мынау емес басты рөлдерінің бірін ойнамақ. Бұл туралы ол өзінің  instagram-дағы жеке парақшасында жариялады.



Әнші парақшасында «Нұрғиса Тілендиев атамыздың аруағы жар болсын... Хабар арнасынан көрсетілетін Нұрғиса атамыздың 90-жылдық мерейтойына арналып  түсірілетін фильмнің басты рөлдерінің біріне өттім!!! Қуаныштымын, баламның атын сондай дарынды болсын деп ырымдап қойған едік... 14-жылдан кейін атама арналған фильмге түсу бақытына ие болдым!!!» ,- деп қуанышын көпшілікпен бөлісті.

Дереккөзі: reactor.inform.kz
Авторы: Абай Айсара

Комментарии




Яндекс.Метрика