19 Ноябрь
22:14
Астана: -2 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Мәдениет
11 мамыр 11:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Меруерт Түсіпбаева өзін енесі үйінен қалай қуып шыққанын айтып берді


Танымал әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева келін болып жаңа үйдің босағасын аттауға дайын еместігін айтты. Бұл туралы "31.кз” хабарлайды,-деп жазады stan.kz.
Шымкенттің экс келіні Түсіпбаеваға сол кездегі өмірі соншалықты жақпаған секілді. Себебі әнші әйел ретінде жеке өмірін мүлдем сызып тастағанын айтты. Аузы күйген үрлеп ішеді демекші, әнші енді тұрмысқа шықпайтынын да тілге тиек етті.
"Өзімді келін ретінде елестете алмаймын.  Сол үшін күйеуге шыққым келмейді. Өйткені дәл қазір біреудің отбасына барып, келін болуға дайын емеспін. Ажырасқаныма 12 жыл болды. Осы уақыт ішінде өзіме би, өзіме қожа болып үйреніп қалғандықтан, өзімді бір сәтке де келін ретінде елестете алмаймын. Мен жақсы келін бола алмаймын, біреуді бақытты да ете алмаймын. Өйткені жасым 40-тан асты. Осы жаста біреудің босағасына барып тұрсам ұят”, – дейді Түсіпбаева.
Әнші мұнымен қатар, өзінің басынан өткен бір оқиғаны баяндап берді. Отбасылы кезінде жолдасымен сөзі жараспай қалып, енесі үйден қуған екен. Жолдасы достарының үйіне барып түнеуді ұсынған. Алайда әнші мұның ұят екенін айтып, енесі есікті ашқанша 8 сағат бойы есіктің алдында отырған. Мерует Түсіпбаева осы оқиғаны көз алдына елестете отырып, бұдан былай мұндай әрекетке бара алмайтынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, әнші Меруерт Түсіпбаева шәлкез мінезін еш жасырмайды. Өзіне тиіскендерді аямайтынын айтқан әнші жақында өзін жамандаған бойжеткенге ашуланып, полицейлерге ұстатып берген болатын.
“Instagram желісінде боқтық сөздер жазды, білмеймін мен әкесін өлтіргендей. Содан кейін мен бір қызды ұстап алдым да, ол қыз ойлаған мені таппайды деп, лақап атпен отырған. ІІД-ге хат жазып, ол қызды таптым, ол аяғыма жығылып жылады”, – дейді Меруерт. Ол осындай тік мінездің арқасында көп адамға жақпай қалатынын да жасырмайды.
нравится:    2467
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии