|    |  
15 қыркүйек 2019
12:40
қаз
​Меруерт Түсіпбаеваға сүйіктісі ұсыныс жасады
19 тамыз 2019, 15:11 187
Меруерт Түсіпбаеваға туған күнінде сүйіктісі бір құшақ гүл мен алтын жүзік сыйлап, тұрмысқа шығуын өтінген. Әншінің айтуынша ол кісінің әйелі жоқ, балалары бар екен. Жасы өзінен үлкен. Бірақ әнші сүйіктісінің ұсынысын қабылдамаған. Себебі ол азаматты бір жыл сынап көрмек екен. Бұл туралы әншінің өзі «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.

 
 
Ол кісі беделді жұмыста. Құрылымда. Ұсынысын әзірге қабыл алмадым. Бұл тек менің шешімім емес. Ол кісіге де ойланыңыз дедім. Себебі әртіспен өмір сүру оңай емес. Соны ойланса дедім. Ал өзімнің екінші рет қателесуге құқығым жоқ. Баламның өзі үйленетін жасқа жеткенде ақ көйлек киіп, той жасауым мүмкін емес. Ол тіпті талқыланбайды да. Егер сезіміміз берік болса, келесі туған күнімде мешітке барамыз. Менің мінезім нашар ғой. Сол себепті ол кісі менің мінезімді, менің жұмысымды түсінуі керек.
 


Жаңалықтар