20 Октябрь
03:43
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
23 қыркүйек 09:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мешіт алдында жалаңаш билеген әнші: "Шығыс биі стриптиз емес!" (ВИДЕО)

 
Татарстанда дінге қатысты дау шықты. Дәлірек айтқанда әнші Резеда Ганиуллина шығыс стилінде ашық-шашық киініп, Болгар қаласындағы мешіттің алдында бейнебаян түсірген. Елдегі мұсылман қауымы әртістің бұл қылығын қатты сынға алып, наразылық білдіруде. Әнші көп кешікпей көпшіліктен кешірім де сұраған. Бірақ дін өкілдері оның кешірімін қабылдамай, бейнебаянды бір тәулік ішінде өшіруді талап етіп отыр.
 
Бұл шуға қатысты Татарстан Республикасының Тергеу комитеті таратқан хабарламада: «Ғаламтор желісіне жүргізілген мониторинг барысында әнші Резеда Ганиуллинаның «Жаным» атты бейнебаяны табылды. Онда әнші Болгар қаласындағы Ақ мешіттің алдында ашық киімде шығыс биін билеген. Әншінің іс-әрекетінде РФ ҚК 148-бабында қарастырылған қылмыс құрамының белгілері (сенім және ар-ұждан бостандығы) болуы мүмкін. Татарстан Республикасының Тергеу комитеті тергеуге дейінгі тексерісті бастады. Орын алған жағдайды анықтауға бағытталған шаралар жүргізілуде. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады»-делінген.
 
Татарстан мүфтиі Камиль Хазрат Самигуллин «мешіттің билейтін орын» еместігін айтып,  «Болгар жері татар халқы үшін киелі. Татарлардың исламдық дәстүрі осы жерден бастау алады. Бұл біздің мәдениетіміз бен салт-дәстүріміздің негізі»-деген.
 
Ал Татарстан мұсылмандарының діни басқармасы мүфтиді қолдап: «Эстрада әншілері мешітке келсін. Мешіттің есігі әркімге ашық. Бірақ құлшылық жасап, дұға ету үшін келсін. Біз әр адамға қуана-қуана көмектесеміз»-деп мәлімдеді.
 
 

Ал әнші өзінің іс-қылығынан ешқандай қылмыс көрмейтінін жеткізді. «Әркім жағдайды өзінің деңгейіне қарай қабылдайды. Шығыс биі – бұл менің стилімі, менің ерекшелігім. Мен бала күнімнен Шығысқа ғашықпын. Менің Шығыс елдерінде түскен суреттерім мен видеоларым көп. Сол Шығыс елдерінен кем түспейтін Ақ мешіттің алдында бейнебаян түсіргім келді. 

Бес мезгіл намаз оқымасам да, менің әр күнім «бісмілләсіз» басталмайды. Жақында біз құрбандық шалдық, садақа беремін, әрдайым адамдарға көмектесуге дайынмын.

Өзіме айтылып жатқан сынның бәрін «өнерге немқұрайлы қарамау» деп түсінемін. Дін қызметкерлеріне алғыс айтамын. Себебі олар қазіргідей алмағайып уақытта түрлі ағымдардың лаң салмауы үшін күш салуда. Бірақ шығыс биі мен биші – бұл стриптиз емес, бұл өнер. Би, ән, көркем сөз – бұл эстрада жанры
»-деген ол.
 
Дереккөз: www.gazeta.ru
нравится:    1024
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии