17 Август
21:42
Астана: 23 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Мәдениет
25 тамыз 15:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мешіт ішінде клип түсірген рэп әнші жазаға тартылып отыр


Малайзиялық рэп орындаушы Нэймви (шын аты Ви Менг Чи) құқыққорғау органдарының шешімі бойынша қамауға алынып отыр. Шетелден орала салысымен Куала-Лумпур әуежайында тұтқындалған рэп әншінің соңғы бейнебаянын Пенанг соты діни сеніміндегі жандардың намысына тию үшін түсірілген деп айыптап отыр. Оның бейнебаянда мешіт ішінде түсірілген кадрлар кездескен және бірнеше жерінде Алла Тағала есімі қайталанып отырады.

Нэймви мен оның тобы өз бейнебаяндарында басқа да діни ғибадатханаларға барып, сайран салғаны байқалады. Клипте Индуизм, буддизм, даосистік дін орталықтарының да ғимараттары көрсетілген.

Рэпер әншіге дінді кемсіткені үшін және діни орындарды мазаққа айналдырғаны үшін айып тағылып, екі жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылуы мүмкін. Ал, әнші өзіне тағылған бұл айыптауларды мойындаудан бас тартып отыр. Ол осы бейнебаяны арқылы діндер арасындағы үйлесімділікке үлес қосқым келген дейді.


Дереккөзі: Muslim.kz
нравится:    749
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии