12 Декабрь
06:52
Астана: -17 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Спорт
3 ақпан 12:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Месси ауғандық балақайға жейдесін берді
03-01-16-murtaza-1

Аргентина құрамасы мен «Барселонаның» форварды Лионель Мессиден нағыз футболка алғаннан кейін Муртаза Ахмади есімді 5 жасар ауған баласының аты күллі әлемге танымал болды. Бұл туралы Bleacher Report дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

Ауғанстан футбол федерациясы «Барселона» футболшысының өздерімен байланысқа шыққанын растады. Ол өзін жақсы көретінін білдірген Муртаза Ахмадиге арнайы сияпат жасап, футболка беріп жіберіпті. Осыған орай кішкентай футбол жанкүйері өткен аптада федерацияның жаттығу базасына шақырылған. Сол жерде балаға Месси сыйлаған футбол жейдесі тапсырылған. Ал жейдеге Лионельдің «Барселона» сапындағы ойыншы ретіндегі нөмірі жазылыпты.

«Мен футболды да, Мессиді де жақсы көремін. Бір күні мен онымен кездесермін. Менің соған ұқсағым келеді», – деді Муртаза.
нравится:    1947
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии