|    |  
10 желтоқсан 2018
22:38
қаз
Месси Роналдумен қарым-қатынасы туралы пікір білдірді
29 қаңтар, 17:01 160


«Барселона» ФК-ның шабуылшысы Лионель Месси мадридтік «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналдумен қарым-қатынасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Tribal Football.

«Достық – жылдар бойы қалыптасатын ұғым. Роналдумен арамызда ешқандай қарым-қатынас жоқ. Біз тек салтанатты марапаттау кезінде ғана кездесеміз. Сол кезде ғана бір-бірімізбен әңгімелесеміз. Барлығы да ойдағыдай, бірақ біздің жолымыз жиі қиылыса бермейді», дейді Месси.

22 қаңтарда Роналду Мессиді «нашар ойыншы» деп атаған болатын. Испания чемпионатында ойын алаңына шығар сәтте футболшының қолынан жетектеп келе жатқан бала: «Мен үшін әлемдегі ең үздік ойыншы сенсің, ал Месси...» деп тоқтап қалғанда, оның сөзін іліп ала жөнелген Роналду: «Ал, Месси – нашар ойыншы», - деген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылдан бері әлемнің ең үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» сыйлығын Роналду мен Месси кезектесіп иеленіп келеді. Олардың әрқайсысы 5 реттен осы сыйлықтың иегері атанған.


Дереккөзі: https://lenta.ru


Жаңалықтар