23 Август
02:53
Астана: 17 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Спорт
1 маусым 10:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Мессидің соққан добы "бөгде галактикалық гол" деген атқа ие болды
"Барселона" командасының көшбасшы ойыншысы Лионель Мессидің Испания Кубогында Бильбаоның "Атлетик" командасына соққан голына каталондардың бапкері Луис Энрике "бөгде галактикалық гол" деген ат берді, - деп хабарлайды Goal.com.



"Біз осындай Мессиге үйреніп қалдық. Жолымыз болды, оның шеберлігін күнде өтетін жаттығуда тамашалаймыз. Оның бірінші голы бөгде галактикалық гол болды", - деп мәлімдеді бапкер.

Айта кетейік, ғажап-голдың видеосы YouTube порталында рекорд жасады. Мессидің төрт адамды алдап, қақпаға допты дәл соққаны бейнеленген ролик бір тәуліктің ішінде миллионнан астам көрілім жинап үлгерді. 



Естеріңізде боса, "Барселона" мен "Атлетик" командаларының кездесуі Испания Кубогының финалы болды. Ойын "Камп Ноу" стадионында 30 мамырда өтті. Матч 3:1 есебімен каталондардың пайдасына шешілді.
нравится:    893
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии