|    |  
18 қараша 2019
03:37
қаз
​Мейрамбек Беспаев не себепті мемлекеттік қызметке ауысқанын айтты
16 қазан 2019, 15:14 163
Біраз уақыт бұрын Мейрамбек Беспаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет ісі жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған еді. Әнші НТК арнасына берген сұхбатында не себепті мемлекеттік қызметке ауысқанын айтты.


 
«Өзім өте қуаныштымын! Өз саласына өз адамдары барса ол құба-құп, ол түсінеді, ол жаны ашиды. Менеджерлер деген, хозяйстваның адамдары бөлек шығар. Олардың маңайға алып жасауға болады. Бірақ, дегенмен әр саланың өзінің жанашыры отырса, шынымен де алдыға қарай бір қадам басылады деп ойлаймын. Шыныменде жас әншілерімізді қолдау керек. Әсіресе, дәстүрлі әншілерді, мына қазақи әншілерді жүрегіммен қолдаймын, шынымды айтсам. Сондықтан біздің дворецтің төңірегінде қаншама проблемалар бар, барлығын ақырындап шешіп жатқан сияқтымыз. Әйтеуір, ойымызды тыңдап жатыр, соған рахмет айтам!  Орындық, мансап қуып жүрген адам емеспін. Шыныменде көмектескім келіп осы шешімге келдім. Өздеріңізде көріп жатқан шығарсыздар. Алматыда өнердің төңірегінде өзгерістер болып жатыр. Әлі де болады, жақсы өзгерістер болады, құдай қаласа. Оны енді жастар біледі, жайлап-жайлап концерт беріп жатқан. Оны айтпай-ақ қояншы, көмектестім анау-мынау деп»-дейді әнші.


Жаңалықтар