|    |  
16 қазан 2019
22:01
қаз
Мэйвезер мен Пакьяо жекпе-жегінен түсетін қаражат 500 млн. доллардан асады
13 мамыр 2015, 10:58 25
Мэйвезер мен Пакьяо жекпе-жегінен түсетін қаражат 500 млн. доллардан асады
 

Филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо мен американдық Флойд Мэйвезердің арасындағы жекпе-жектен түсетін қаражат 500 млн доллар көлеміндегі рекордтық соманы құрады, деп хабарлады АҚШ-тың кабельдік телеарналары. 

Бұл жекпе-жек ақылы телекөрсетілімдердің саны бойынша рекорд орнатқан. Оны 4,4 млн. астам адам көрген екен, бұл ретте айқасты көру ақысы 90-нан 100 долларға дейін болған.

Бұл көрсетілімнің арқасында жекпе-жектің ұйымдастырушылары 400 млн. астам доллар көлемінде ақша тапты, ал табыстың жалпы сомасы 500 миллионнан асады. 

2 мамырда кіші Флойд Мэйвезер Лас-Вегаста өткен 12 раундтық айқаста ұпай саны бойынша Мэнни Пакьяоны жеңді.

Дереккөзі:ҚазАқпарат


Жаңалықтар