|    |  
17 ақпан 2019
14:48
қаз
Ми жұмысына теріс әсер етуші 8 дүние
17 қаңтар 2019, 12:52 99


1.Дұрыс ұйықтамау. Адам миы дұрыс тынықпағанына байланысты уақыт өте келе ұсақ клеткалар жұмыс істеуін тоқтатады. 

2.Таңғы асты ішпеу. Таңғы ас ішпеуге байланысты адамның бір күндік қан айналымында қант дәрежес төмендеп, миға баратын нәруыздар азаяды. 

3.Қанттың көп болуы. Әлбетте, қанның құрамындағы қант дәрежесін түсіруге болмайды. Бірақ мүлде қандағы қанның дәрежесін тәтті тағамды асыра жеп көтеруге болмайды. Қанттың көп болуы тіпті миға баратын нәруыздар дәрежесін азайтып жібереді. 

4. Стресс. Адамның ұзақ уақыт психологиялық стрессте жүруі оның танымындағы себеп-салдар байланысын жойып жіберуі ықтимал. Нәтижесінде адамның жадысы нашарлап, интелектуалды потенциалды да төмендейді. 

5. Темекі шегу. Темекі құрамындағы никотин миға баратын қан тамырларын қысқартып, уақыт өте келе Альцгеймер ауруына алып келуі ықтимал. 

6. Судың жетіспеуі. Суды аз ішкен адамның миының көлемі азая түседі. Ол болса ақпараттың сақталуына кері әсерін тигізеді. Мейлінше, күніне 2 литр су ішуге тырысу қажет. 

7. Ақпараттың аса көп болуы. Қазіргі сандық заманда адамның миы күніне мыңдаған ақпаратты еңгізеді. Бірақ оның барлығын қорытуға күші жетпей қалуы мүмкін. Сол кезде ми ішінде болатын үдерістер қиындау мүмкін. 

8. Көп жұмысты бір уақытта атқару. Көптеген тапсырмаларды бір уақытта істеуге ұмытылған адам ешқайсысын толыққанды аятай алмайды. Себебі, тапсырма саны көбейген сайын, оған қойылатын зейін де әлсірейді.


Жаңалықтар