12 Декабрь
12:25
Астана: -18 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Экономика
13 мамыр 17:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Миланда EXPO көрмесінен түскен пайда 31 млрд еуроға бағаланды


Миланда EXPO көрмесінен түскен экономикалық пайда 31 миллиард еуроға бағаланды. Сарапшылар халықаралық шара өткізілгеннен кейін бір жылдан соң оның нәтижесін талқылап, нақты цифрларды атады. 10 мыңнан астам кәсіпорын құрылған. Арасында туристік бағытта ашылғандары көп. 240 мың адам үшін жаңа жұмыс орны ашылып, ел қазынасына 500 миллион еуро салық түскен. Бірақ EXPO табысы санмен өлшенбейді деген мамандар Милан мен Италияның әлемдегі беделі арта түсті дейді. 6 айға созылған көрмеге бастан-аяқ 21 миллион адам қатысқан. Биыл да шаһарға туристер ағылып келеді деген болжам бар.

Карло Сангалли, Милан қаласы Сауда палатасының президенті: - EXPO жемісін әлі көреміз. 10 мың жаңа компания жұмысын жалғастырып, пайдаға кенеледі. Халықаралың деңгейде өзін жақсы қырынан көрсеткен Миланға туристер нөпірі толастамайтыны анық. Бұл – өте маңызды көрсеткіштер. Бірнеше ай бұрын The New York Times газеті Миланды бірінші кезекте баруға тұрартын қала деп атады. Миландағы көрме біздің еліміз үшін де табысты болды. EXPO қалашығындағы Қазақстан павильоны «Ғаламшарды тамақтандыру» тақырыбын дамытқаны үшін арнайы марапатқа иелік етті. Қазақстандық бұрышты миллионнан астам адам көрмедегі ең қызықты жоба деп таныған. Олардың көбі келер жылы Астанада өтетін EXPO-ға келуге де ниетті.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    695
Теги: Бизнес, Главная, Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии