18 Октябрь
09:35
Астана: 9 °C
Алматы: 9 °C
USD/KZT: 333.53
EUR/KZT: 392.10
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.40
Әлем жаңалықтары
20 қыркүйек 11:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Миллиардер жігіт итіне iPhone 7 смартфонының сегіз данасын сыйлады

 
28 жастағы қытайлық азамат Ван Сиконг өзінің Коко атты итіне       iPhone 7 смартфонының сегіз данасын сатып алған.
Коко иттің Weibo әлеуметтік желісінде жеке парақшасы бар. Бұл жаңалық осы парақшаға жарияланған.


2015 жылдың көктемінде Ван Сиконг Кокоға Apple-дің әр қайсы 12 мың доллар тұратын екі алтын сағатын сатып әперген еді.  Weibo парақшасына суретін салып: «Менде екі жаңа сағат бар! Маған негізі төрт сағат қажет. Себебі менің аяғым төртеу. Бірақ мен екі сағат жеткілікті деп шештім. Ал сенде осындай сағат барма?»-деп жазған еді ол кезде.
 

Коко сыйлыққа сағатпен бірге Fendi сөмкесін де алған болатын.
 
Ван Сиконг Қытайда жасы 30-ға толмағандар арасында табысты кәсіпкер саналады. Ол Сингапур мен Лондонда білім алған. Қытайдағы ең бай адам Ван Цзяньлиннің жалғыз ұлы әрі мұрагері. Оның әкесінің байлығын  Forbes 24,2 миллиарда долларға бағалаған.
 

Ван Сиконгтың итіне арналған Coco Wang атты дүкені де бар. Онда жануарларға арналған ойыншықтар мен аксессуарлар сатылады.
 

Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді деген осы болса керек.
 
Дереккөз: bonjournal.kz, caravan.kz
нравится:    736
Теги: Главная, Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии