19 Август
18:57
Астана: 21 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
15 желтоқсан 09:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Миллиардердің ұлы анасын буындырып өлтірді
14-12-15-milicia

Ресейлік олигарх Игорь Сосиннің ұлы өзінің туған анасын Қазандағы отельдердің бірінде буындырып өлтірді. Бұл туралы Super.ru хабарлады.

Gazeta.ru сайтының хабарламасында 19 жастағы жігіттің «Корстон» мейманхана кешеніндегі нөмірде өлтіргені баяндалады.

Атап өтілгендей, 10 желтоқсан күні қонақүйдің қызметкерлері осында тұрушылардың бірінің ерсі қимыл-әрекеттерін айтып, Қазандағы полиция учаскесіне шағымданады. Шақыру бойынша келіп жеткен тәртіп сақшылары есірткі шегіп алып, коридорда сенделіп жүрген жас жігіттің үстінен түседі. Ал нөмірден жасөспірім анасының өзі денесі табылады.

Тексеріп көргенде, әйелдің денесінде көптеген жарақаттар мен көгерген жерлер бар екені белгілі болады Хабарламада өлімнің асфиксия, яғни тұншықтыру салдарынан орын алғаны айтылады. Алдын ала мәлімет бойынша, баласы анасын зарядты қондырғының сымымен буындырған.

Миллиардер Игорь Сосин «Старик Хоттабыч» дүкендер жүйесінің иесі және OBI акционері болып табылады.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    1446
Теги: Қоғам, Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии