27 Сентябрь
03:54
Астана: -1 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 339.68
EUR/KZT: 401.13
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.26
Экономика
1 шілде 18:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Миллиардерлер ақшаны қалай жұмсау керектігін айтты


Егер дүниежүзінің «мен» деген миллиардерлерін, алпауыт кәсіпкерлерін, Нобель сыйлығының иегерлерін бір жерге жинап, оларға: «Әлемді қалай жақсартамыз? Қалайша ақшаны дұрыс әрі қарқынды түрде қайырымдылық мақсатта жұмсауға болады?»,-деген сұрақты қойсақ, кім қалай жауап берер еді. Әлемді өзгертуге ықпал еткен бай-манаптардың айтқандарын ұсынамыз.

 
Көлемді инвестицияға дайын емессіз бе? Азынан бастаңыз!



Нэнси Пфанд – DBL Investors компаниясының негізін қалаушы. «Көптеген ауқатты отбасылардың қорлары қайырымдылық компанияларына қаржы құюға дайын емес. Дегенмен, дәл соны жасай алмаса да, олар өздеріне жақсы таныс дүниемен айналысуына болады. Мәселен, несие үшін кепілдік берсін»,- дейді Нэнси ханым.

 

100 жылдан кейін өзекті болатын емес, қазір маңызды мәселені шеш!



Уоррен Баффет – Berkshire Hathaway компаниясының төрағасы. «Мен 50 жылдан соң ненің өзекті болатынын нақты айта алмаймын. Әйтсе де, ол біздің бүгін назар аударғанымызды талап ететінін түсінемін. Болашақ үшін жұмыс істеп жүрген керемет адамдарды да білемін. Кейін тапқандарымның барлығы қайрымдылық үшін жұмсалады және қазына байлық мен өлгеннен соң 10 жылдың ішінде сарқылады. Сосын 10, 20, 50, 100 жылдан кейін қайырымдылық ұйымдастыратындар табылады. Олар өз заманының мәселелерін шешуге тырысады. Сонымен қоса, кімнің мәселені шешуге қабілеті бар, сонымен ғана жұмыс істейді», — компания төрағасы.

 

Қатып қалған қағида жоқ

  

Пол Фармер – Partners in Health мекемесінің негізін қалаушы. «Осыдан 20 жыл бұрын барлық газеттер Руанданы (Шығыс Африка елдерінің бірі. ред.) Жер шарындағы адам сенгісіз сұмдық мекен деп жазды. Барша жұрт «құлдырау алдындағы мемлекет» деп атады. Бірақ, соңғы он жылда бұл елдегі өлім саны күрт азайды. Кез-келген өзге мемлекетпен салыстырып қарасаңыз болады. Бар гәп олардың денсаулық сақтау саласында мықты жүйе құруында».

 

Өзіңді инвестор әрі қамқоршы сезін!



Гэри Михельсон – Michelson Medical Research Foundation медициналық зерттеулер қорының негізін қалаушы. «Сізге жан-жақты қаржылану толқынына үйренуге тура келеді. Бірден шағын бірнеше жоба бастаңыз. Олардың жарқ ететін сәтін күтіп отырудың қажеті жоқ. Нәтижесінде салымыңыздың бірнеше есеге өскенін көресіз».

 

Кең ауқымда ойланыныз!



Страйв Мазиива – Econet Wireless компаниясының негізін қалаушы және төрағасы. Либерияны Эбола вирусы жайлаған кезде қамқоршылар билікпен қосылып, дертпен күресу үшін коалиция құрды. Зимбабвенің ең бай адамы Страйв Мазиива Африка Одағына кіретін мемлекеттерді, барлық континентті қорғау керектігін айтты. Яғни, Страйв тек бір ғана мемлекетті емес, барлық құрлықты қорғайтын жүйені іздеуге міндетті еді. Сонда ол: «Эпидемия шекараны құрметтемейді. Манвориде қаулаған дерт ертең Манхэттенді жаулауы мүмкін. Эболаға шалдыққандарды емдеп, сол елді залалсыздандыру жеткіліксіз, денсаулық сақтау жүйесі барлық құрлықты сақтау керек. Әңгіме құрбандықта емес. Мәселені шешуге барлығы жаһандық дәрежеде атсалысу ауадай қажет»,-деген болатын.

 

Дереккөз: forbes.kz 
нравится:    870
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии