14 Декабрь
04:30
Астана: -26 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Әлем жаңалықтары
10 наурыз 14:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Миллиардерлер көп тұратын қалалар

Forbes миллиардерлер көп тұратын қалалардың рейтингін жасады. Тізімнің бірінші орынын Нью-Йорк алды.

Басылымның мәліметінше, АҚШ-тың ірі қаласында қаражаты 364 миллиард доллар болатын 79 миллиардер тұрады екен. Нью-Йорктегі ең бай азамат қаланың бұрынғы мэрі Майкл Блумберг болып отыр. Оның 40 миллиард доллар қаражаты бар. Екінші орынды Гонконг алды. Мұнда жалпы жағдайы 261 миллиард доллар болатын 68 миллиардер тұрады. Қаладағы ең бай азамат − Ли Ка-Шинг. Ол − Азиядағы ең ықпалды кәсіпкерлердің бірі. Ли Ка-Шингтің байлығы 27,1 миллиард долларға бағаланды.

Үштікті Мәскеу қаласы қорытындылады. Forbes мәліметінше, Ресей астанасында 60 миллиардер тұрады. Олардың қаражаты 217 миллиард долларға тең. Рейтингте төртінші орынды Бейжің қаласы (жалпы байлығы 149,9 миллиард долларға бағаланған 51 миллиардер) алса, бесінші орында Лондон (байлығы 187,7 миллиард долларды құрайтын 48 адам) тұр.

Айта кетейік, тізімге 25 қала кірді. Үздік ондықта Мумбаи (32 миллиардер), Шанхай (31), Сеул (30), Шэньчжэнь (30), Сан-Франциско (28) бар. Рейтингті әрқайсысында 13 миллиардер тұратын Пало-Альто, Женева және Чикаго қалалары қорытындылады.

massaget.kz
нравится:    845
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии