22 Август
11:34
Астана: 24 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
16 қыркүйек 09:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Миллиондаған Samsung Galaxy Note 7 смартфоны кері қайтарылады

 
Аталған смартфонның жарылу қаупі болғандықтан Американың тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымы Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын ресми түрде кері қайтарды.
 
Смартфонды сатып алған тұтынушылар оны жаңа телефонға ауыстырып немесе ақшасын қайтарып ала алады.
 
Galaxy Note 7 смартфонына қатысты туындаған дау кореялық компанияға қымбатқа түскелі тұр. Сарапшылар Samsung  5 млрд долларын жоғалтады деп болжам айтуда.
 
Блумберг агенттігінің есебіне  сүйенсек, осы дауға байланысты Samsung бірнеше күн ішінде 22 млрд долларға арзандаған.
 
Бұған дейін АҚШ пен өзге бірқатар елдің билігі Galaxy Note 7 смартфондарын ұшақта қолдануға тыйым салған болатын. Себебі смартфонның батареясы қызып кетеді. Бірнеше мәрте жарылған.
 
 Енді компания әлем бойныша 2,5 млн телефонын кері қайтарып алмақ. Тамыздың соңында Galaxy Note 7 сатылымы тоқтатылып, қосымша сынақтар жүргізілетіні хабарланған болатын.
 
Дереккөз: ВВС
нравится:    718
Теги: Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии